$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Тұлпар мініп, ту алған!»: қарағандылық 39 оқушы 114 бет жыр жаттады

01.12.2025ж. 19:00
«Тұлпар мініп, ту алған!»: қарағандылық 39 оқушы 114 бет жыр жаттады

«Тұлпар мініп, ту алған!». Қарағанды облысында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтудан  оқушылар арасында ерекше байқау өтуде. Оған 4 мыңнан астам оқушы қатысты. Балалар 114 бет жырды жаттап алған. 6–10 сынып оқушылары арасындағы  байқаудың аудандық- қалалық кезеңі аяқталды. 39 бала облыстық додаға өткен. Сайыс барысында оқушылардың жырды кідірмей, мүдірмей оқуы, шығарманы толық жаттауы, мәнерлеп айтуы ескерілді. Үздіктер тәуелсіздік күні қарсаңында анықталады. 

АЛМА ШАЛАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұндай жыр жаттау деген біздің балаларға тәлімдік, тәрбиелік өзінің бір жетістігімен келген жыр додасы деп айта аламыз. Бірінші орын алған балаға ҚазТұтыну біздің университетіміз грант тағайындап отыр. Бала 4 жыл бойы сол жерде тегін білім алып шығады және жүлде қоры 1 млн теңге ұсынатын болады. Сонымен қатар «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамы атынан жаңағы баланы дайындағын ұстазға жеңіл автокөлік сыйланатын болады. Оның бәрі демеушілік қордан.