$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зардап шеккендер жоқ: 45 көлік соқтығысты

01.12.2025ж. 20:26
Зардап шеккендер жоқ: 45 көлік соқтығысты
фото: Jeremy Hogan/Keystone Press Agency/Global Look Press

АҚШ-тың Индиана штатында Терре-Хот қаласының маңында қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан 45 көлік бір-біріне соқтығысқан.

Полиция мәліметінше, қатты боран көру мүмкіндігін төмендетіп, жүргізушілердің көлікті бақылауда ұстауын қиындатқан. Алғашқы деректерде 20–30 көлік делінгенімен, кейін нақты саны 45 екені расталды.

Ауыр жарақат алғандар жоқ. Жол қозғалысы тек алты сағаттан кейін қалпына келтірілген.