$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Балабақшадан 49 бүлдіршін эвакуацияланды

01.12.2025ж. 21:00
Балабақшадан 49 бүлдіршін эвакуацияланды
фото: ТЖМ

Бүгін 112 қызметіне жеке балабақшада түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД бөлімшелері келген кезде жертөле бөлмесінде электр жабдығының қысқа тұйықталуы анықталды.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 49 адамды, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.