Ақтөбеде
«4 ағайынды» деп аталатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі жалғасып
жатыр. Бүгін айыпталушы Паңгерейұлы мен
зардап шегуші Енекеевтен жауап алынды.
Іс материалдарына сүйенсек, Енекеев Ақтөбедегі дәмханалардың бірін сатып
алмақ болған. Алайда, салық пен құжат рәсімдеуде қиындықтарға тап болып,
айыпталушы Тұржановтан көмек сұрайды. Бірақ ол көмек бермеген. Кейін Енекеев өз
қарамағында жұмыс істейтін адам арқылы Еркін Ізбасардың сыбайласы
Паңгерейұлымен сөйлесіп, ол мәселені шешуге уәде береді. Бұл келісім үшін ақша
алған Батыров ұзамай қаза тапқан. Бүгінгі сотта Паңгерейұлынан Батыровтың
өліміне сол ақшаның қатысы бар-жоғы сұралды. Алайда, ол еш нәрсе білмейтінін
айтып отыр. Ақшаның көлемі де есімде жоқ, деді. Сот процесі келесі аптада
жалғасады.
Еске салсақ, мұнай ұрлығына қатысы бар деп айыпталған «4 ағайынды»
қылмыстық тобының басшысы Еркін Ізбасар өткен жылдың соңында Алматыда ұсталған.
Айыпталушылар қатарында бас-аяғы 30-ға жуық адам бар.