Алматы -Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған.
-Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.