Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Astana TV.
Нақтырақ:
189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 8;
190-бап (алаяқтық) — 15;
194-бап (қорқытып алу) — 1;
195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) — 1;
206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) — 1;
249-бап (рейдерлiк) — 2;
361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) — 11;
362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) — 4;
364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) — 1;
366-бап (пара алу) — 17;
367-бап (пара беру) — 33;
368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 2;
369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) — 1;
371-бап (салғырттық) — 1;
416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) — 1;
425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) — 1.
ҰҚК 24 қылмыстық істі Сотқа жолдаған:
190-бап (алаяқтық) — 10;
218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) — 1;
366-бап — (пара алу) — 3;
367-бап (пара беру) — 8;
385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) — 2.
Келтірілген залал бойынша 409,6 млн теңге шығын өтелген.