$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқынынан 1100-ден астам адам қаза тапты

02.12.2025ж. 15:09
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқынынан 1100-ден астам адам қаза тапты
Фото: report.az

Сейсенбі күні Индонезияның Суматра аралындағы жойқын су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 631 адамға жетті, миллионға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды English Al Arabiya

Құтқарушылар із-түссіз жоғалған 472 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізіп отыр.

Индонезияның Табиғи апаттарды басқару агенттігінің мәліметінше, 28 мыңнан астам үй зақымданып, 1,5 млн адам зардап шекті.

Тропикалық дауыл әсерінен күшейген муссондар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы соңғы жылдардағы ең қатты су тасқындарының бірін тудырды.

Су тасқынынан Шри-Ланкада 334 адам, ал Таиландта 176 адам қаза тапты.

Метеорологтардың пікірінше, Оңтүстік-Шығыс Азияда ауа райының қолайсыз жағдайы Филиппинді басып өткен «Кото» тайфунының әсерінен болуы мүмкін.

BBC жазуынша, аймақтағы жыл сайынғы муссон маусымы әдетте маусымнан қыркүйекке дейін созылады, көбіне қатты жаңбыр жауады.

Жекелеген экстремалды ауа райы құбылыстарын климаттың өзгеруімен байланыстыру қиын болғанымен, ғалымдардың айтуынша, бұл жиі және қатты дауылдарға әкеліп соғады, бұл өз кезегінде қатты жаңбырға, су тасқынына және күшті желге әкеледі.