Қазақстанда соңғы екі айда 2 миллион адам ЖРВИ және Гонконг тұмауын жұқтырған, деп хабарлайды Astana TV.
Өткен аптада тәулігіне 21 мың науқаста вирус анықталған. Олардың 60%-ы балалар.
Эпидемия басталғалы 652 мектептегі 9 898 сынып онлайн оқуға ауыстырылды.
Егер сыныптағы оқушылардың 30%-ы ауырса, қашықтан оқытуға көшу ұсынылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, аурушаңдық желтоқсан айының ортасына дейін жалғасуы мүмкін.