$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, 7 адам қаза тапты

02.12.2025ж. 19:00
Алматы облысында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, 7 адам қаза тапты

Алматы облысында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып,  жеті адам  тапты. Оның бесеуі спортшы - сурдлимпиада ардагерлері болған. Олар Бішкекте құлағында кемістігі бар спортшылар арасындағы футбол турнирінен үйлеріне қайтып келе жатқан көрінеді. Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Honda Odissei» автокөлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан «HOWO» жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның барлығы, соның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.