Әлеуметтік желіде кембағал балалардың ата-анасына тіл тигізген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған қомақты айыппұл салынды. Қоғам қарсылығына тап болған қыз - жеке парақшасына видео жүктеп, ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына қарата жағымсыз сөздер айтқан еді. Ізінше, оны полиция ұстап әкеткені хабарланған. Осы ретте, тәртіп сақышлары көпшілікті - контент жариялау кезінде жауапкершілік танытуға және өзге адамдардың құқықтары құрметтеуге шақырады.
ЭЛЬМИРА ШАУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.