$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтті

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтті

Биыл Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл. Осыған орай Қызылордада ресбуликалық форум өтті. Оған әр аймақтан келген Ассамблея мүшелері қатысты. «Бірлігі бекем Сыр елі» тақырыбы аясында өткен шарада бірлік, ынтымақ, ел тәуелсіздігін нығайту жайы айтылды.

Президент «Біздің бәріміздің бір-ақ Отанымыз бар, ол – Қазақстан. Міндетіміз оны күшті және табысты елге айналдыру» деген болатын. Осы ұстанымды ту еткен ассамблея мүшелері атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын ортаға салды. Форумның біз үшін маңызы зор дейді қатысушылар.

МҮБӘРӘК ЖИНАҚБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

Тәжірибе алмасамыз, өзімізде жоқ нәрсені көреміз. Өзіміздегі бармен бөлісеміз. Форумның берері үлкен. Форумда тек жастар емес, сонымен қатар аналар кеңесінің де, этномедиациялық та, бірлік туралы, этносаралық қатынас, достық, бірлік жөнінде көптеген әңгімелер болды. Сондай үлкен жетістіктерге жетуге біз бірігіп жұмыс істеуіміз керек.

Шарада одан өзге, бірлік пен татулық, жастар тәрбиесі турасында сөз болды. Этномәдени бірлестіктердің жас өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сыр елі қашанда бірлікті бекем еткен, татулықты басты ұран еткен, жақсылықтың жаршысы ретінде қуаныш сыйлайтын өлке. Бүгінгі форумда қозғалған әрбір тақырып, оған қатысып отырған әр азаматқа жақсы ой салады, ой салды деймін.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 34 сессиясында берген тапсырмасына сәйкес аймақта  жаңа, сән мен салтанаты келіскен «Достық үйі» пайдалануға беріледі. Облыс әкімі инвестор тартып, бүгінде құны 3 млрд 800 млн теңге болатын нысан «Казатомпром» компаниясының демеушілігімен салынуда.