$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-ның барлық ауданы спорт кешендерімен толық қамтылды

02.12.2025ж. 19:00
БҚО-ның барлық ауданы спорт кешендерімен толық қамтылды

Батыс Қазақстан облысының барлық ауданы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен толық қамтылды. Енді мұндай ғимараттар ірі ауылдардан бой көтереді. Дені сау ұлтты қалыптастыратын спорт орталықтары көп өңір туралы тілшіміздің материалында.

Ауылдан жаңа спорт кешені салынғанына аға буын ерекше қуанды. Өйткені балалары бос уақытында телефонға телмірмей, көңілі қалаған спортпен айналыса алады әрі Мемлекет басшысының ауылдың тұрмысын түзеу туралы тапсырмасы орындалғанына куә болды.

САТҚАН МАХМЕТЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жастар, бақытты жандарсыңдар! Біздің уақытымызда мұндай қамқорлық болған жоқ. Біз далада көбіне мал бал бағып, солай өстік.

Енді ауыл балалары мұнда шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және бокспен айналысады. Боз кілемде белдескен бозбалалар ауылдан да әлем чемпиондары шығады деп қуантты.

МӘДИ ҒАРИФУЛЛИН, СПОРТШЫ:

Спортзал, әсіресе күрес залы балаларға ыңғайлы, кең. Ендігі арманым бұйырса, әлем чемпионы болу ғой.

Енді мұндай кешендер аудан орталықтары ғана емес, ірі ауылдардан да салынады. Бұл өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға жол ашпақ.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Барлық аудан орталықтары, бұрынғы аудан орталықтары спорт кешенімен толық қамтылды деп айтуға болады. Ауылдық жерге тұрғын үй салып берсек, осылай спорт кешендерін, қажет мектептерді жөндеп, жаңа мектеп салып беретін болсақ, ауылдың тұрғындары ешқайда көшпейтін болады.

Соңғы екі жылда өңірде 12 спорт кешені салыныпты. Жыл соңына дейін тағы осындай бес орталық пайдалануға беріледі.