$541.34 €640.73 ₽6.53
×

13 адамды құтқарды

13 адамды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 13 адамды құтқарып, эвакуациялады.

 Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесінде 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 7-қабаттағы кіреберісінде терезенің жануы орын алды.

Құтқарушылар жоғары дәрежелі шақыру орнына шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында үйден 3 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, 10 адам тұрғыны эвакуацияланды. Өрт қысқа мерзім ішінде сөндірілді.

 Оқиға орнында ТЖМ АМО дәрігерлері эвакуацияланғандарға қажетті көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.