$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Парламент депутаттары көтерген әр сауал – тек қағаз емес, миллиондаған адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе", - Е.Бейсенбаев.

"Парламент депутаттары көтерген әр сауал – тек қағаз емес, миллиондаған адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе", - Е.Бейсенбаев.

“АМАНАТ” Фракциясы Үкіметке әлеуметтік-экономикалық маңыздағы 117 депутаттық сауал жолдады

«AMANAT» Фракциясының депутаттары жазда еліміздің барлық өңіріндегі 543 елді мекенге арнайы сапар жасап, мыңнан астам кездесуге қатысып, елді алаңдатып отырған негізгі мәселелерді анықтап келді.

Бүгін Мәжілісте депутаттар 30-дан астам сұрақ қойды. Әрбір мәселенің артында мыңдаған түйткіл мен жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелер тұр.

Үкіметтен келген жауаптың 46 пайызы – тек түсіндірме, 20 пайызы – «орындау сатысында», 13 пайызы – «мүлде шешілмеген», тіпті, 5 пайызы жауапсыз қалғаны анықталды.

«Бұл статистика – Үкіметтің сұрақтардың жартысынан астамы бойынша нақты шешім қабылдамағанын, ал әр бесінші өтініштің бюрократиялық созбалаңға ұшырағанын көрсетеді», - деді Е.Бейсенбаев.

Халық депутаттармен кездесуде табысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайтынын айтқан. 85 мың теңге көлеміндегі ең төменгі жалақы алатындардың бір миллионнан астамы ауылда тұрады.

«Бүгінде қарапайым халық көбіне министрді немесе әкімді емес, алдымен депутатты іздейді. Өйткені депутат – халықтың тікелей сенім мандатына ие тұлға. Мұндай жағдайдың қалыптасуына салалық ведомства басшылары қарапайым халықтың сұрағына жүрдім-бардым жауап беретіні және көтерілген мәселелерге терең мән бермейтіні себеп болуда.

Керек десеңіздер, біздің депутаттық сауалға формалды сипатта жауап берілетінін бұған дейін де айтқанбыз. Сессия басталғалы бері АМАНАТ Фракциясы Үкіметке әлеуметтік-экономикалық маңыздағы 117 депутаттық сауал жолдады. Алайда сол жауаптардың шамамен 60 пайызы формалды, мазмұнсыз «отписка» сипатында болды.

Сондықтан Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы өкінішке қарай атқарушы билік тарапынан әлсіз қолдау тауып отыр.

Біле білсек, «Еститін үкімет» дегеніміз – мәселені тыңдап қана қоймай, оған нақты, жүйелі, уақытылы және тиімді шешім ұсына алатын саяси институт. Осындай жүйелі жұмысқа көшпей, халық сенімін нығайту қиын.

Парламент депутаттары көтерген әр сауал – тек қағаз емес, миллиондаған адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан мемлекеттік органдар формализмнен арылып, нақты нәтижеге бағытталған іс-қимыл жасауға тиіс», - деді депутат.