ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Лира Раисова әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар бойынша азаматтарды ақпараттандыру деңгейі айтарлықтай артқанын айтты.
«Сондай-ақ полиция органдарына деген сенімнің, құқық қорғау органдарына шағымдану көрсеткішінің өскенін көріп отырмыз. Яғни оң үрдіс байқалады, жүргізіліп жатқан жұмыстың белгілі бір нәтижелері бар», – деді спикер.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайған.