Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында 4 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Сенаторлар үш заңды қарайды.
Жер қойнауын пайдалану туралы кодекс – геологиялық зерттеу, барлау-өндіру келісімшарттары, уран және көмірсутек саласын жетілдіру.
Әкімшілік әділет және заң шығару мәселелері – ӘРПК нормаларын жаңарту, адвокаттар, нотариустар мен сот орындаушылары қызметін реттеу.
Архив және құқыққа қайшы контент – дербес деректерді сақтау тетіктерін күшейту, цифрлық мұрағатқа құжат тапсыру тәртібін нақтылау.
Сондай-ақ сенаторлар Мәжіліс қабылдаған заңдарды тұрақты комитеттерге жолдап, алдағы комитет отырыстарының жұмыс кестесін бекітті.