$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда жол апатынан фельдшер қайтыс болды

Алматыда жол апатынан фельдшер қайтыс болды

Алматыда жедел жәрдем қызметкері жол апатынан қайтыс болды. Оқиға Алатау ауданында орын алған. Жедел жәрдем көлігі түнгі сағат 1-лер шамасында Саин көшесінде кері бұрылыс жасаған сәтте КИА маркалы автокөлік бүйірден соққан. Соққының қатты болғаны соншалық  қызметтік көлікті аударып тастаған. Нәтижесінде екі көліктегі азаматтардың барлығы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бірақ фельдшерді аман алып қалу мүмкін болмапты. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы жол көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілер және жолаушылары дене жарақаттарын алды. Өкінішке орай жедел жәрдем қызметінің өкілі 2002 жылы туылған әйел азаматша бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тәсілім етті. Адам өліміне әкеп соқтырған  жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша анықтау басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.