$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Салем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты

AstanaTV
03.12.2025ж. 19:00
Салем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты

Жамбыл облысында салем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты. Күйеуімен тойға барған әйел жұбайының туысына бас игісі келмеген. Ал оған ашуланған азамат жарына балағат сөз айтып, намысына тиіпті. Тіпті, қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін алып кетуді дөрекі түрде жеткізген. Артынша мәселе ушығып, сотқа жетті. Алайды ерлі-зайыпты тергеу аяқталғанша татуласып үлгерген. Күйеуі келіншегінен кешірім сұрап, сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтатты.