$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Петропавлдағы барлық білім ошақтары тексеріліп жатыр

Петропавлдағы барлық білім ошақтары тексеріліп жатыр

Петропавлдағы барлық білім ошақтары тексеріліп жатыр.  Ол үшін арнайы комиссия құрылған.  Ал асханасынан жәндік табылған Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды. Облыс әкімдігінің ақпаратынша, мектеп басшылығы тарапынан тиісті бақылау болмаған. Қазір оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен кәсіпкермен келісімшартты бұзу шаралары жүріп жатыр. Сонымен қатар әр мектепте директордың төрағалығымен және ата-аналардың қатысуымен бракераждық комиссия құрылған.  Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда тамақтанумен айналысатын кәсіпкермен келісім-шартты бұзу іс шаралары басталып кетті. Қазіргі таңда осы бір-екі күнде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймыз. Және басқа кәсіпкерлер шақырылып, конкурстың нәтижесі болғанша тамақтану жүйесін жалғастыратын болады.