$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Самокаттарға жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады

Самокаттарға жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады

Енді  әрбір  самокатқа жеке сақтандыру полисі рәсімделуі  тиіс.  Міндетті тіркеуге қойып, оларға нөмір берілуі керек. Жүргізу құқығы жоқ немесе куәліктен айырылған адамға самокат берген компания немесе жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылады. Мәжіліс «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Биыл 374 апат тіркеліп, үш адам қаза тапқан. 40 мыңға жуық самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 300-ге жуық ата-ана балаларына бақылау жасамағаны үшін жазаланған.  

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Әзірше олар адам жүретін жолмен жүре алады. Жылдамдықтары шектелген. Қазір оларды тіркеу мәселесі, нөмірлеу мәселесі, сақтандыру мәселесі барлығын біз заң жобасында бекіттік. Оның соңғы қорытындысын күтеміз. Жұмыс істеу керек кикшеринговый компаниялармен.

Сондай-ақ, қоғамдық орында бетін бүркеп жүруге  қатаң тыйым салынбақ. Бұған никаб, бурка, балаклава және медициналық маскаларды дәлелді көрсеткішсіз кию жатады. Бірінші рет анықталса - ескерту, ал қайталанса - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылып отыр.  

ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ. ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Масканың артында оранып алады да еркек пе әйел ме оны жасыратын. Өз үйіңдесің бе, жеке жеріңде не істесең де оны білесің. Мейлі балмаскарадтың маскасын киіп алсаң да. Түсіну керекпіз, тек хиджаб мәселесі емес бұл жерде, түрін никаб оранып алатын азаматтарға. Оның ішіне жалғыз никаб емес, қазір небір пранкерлер шықты. Киноларда көрген маскаларды киіп алу. Міне бұл осыған байланысты.