$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Тиісті құжат қабылдамай отыр»: Президент министрліктің жұмысын сынға алды

03.12.2025ж. 19:00
«Тиісті құжат қабылдамай отыр»: Президент министрліктің жұмысын сынға алды

Мемлекет басшысы тиісті құжат қабылдамай отырған министрліктің жұмысын сынға алды. Қордаланған мәселелерді кейінге қалдырып жүрген министрге ескерту жасады. Мәселе - авиахабтарын дамытуға байланысты. Қазір бұл салада түйіткіл көп. Баға тым жоғары, ішкі өндіріс көлемі аз. Логистика жүйесінде де кемшілік жеткілікті. Маман жетіспеушілігі мен жүк тасымалдайтын ұшақтар тапшылығы тағы бар. Енді Үкімет осыларға қатысты нақты шара қабылдауы тиіс. Бұл – Президенттің қатаң тапсырмасы.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ең әуелі, алдағы үш жылда еліміздің ішкі өндіріс көлемін арттыру, импортты әртараптандыру керек. Ақылға қонымды бәсекелестік сақталуға тиіс. Реттеу ісіндегі барлық өзгеріс кезең-кезеңімен әрі нақты, отынды тұрақты жеткізуге кедергі келтірмей іске асырылуы қажет. Жұмыс істеп тұрған ұйымдар базасында авиация ғылыми-зерттеу институтын құрған және отынды сертификаттау зертханасын ашқан жөн. Үкіметке монополияға қарсы органдармен бірге аталған мәселелерді шешу бойынша тез арада кешенді шара қабылдауды тапсырамын.