$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Әлеуметтік әмиян" бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді - AMANAT

"Әлеуметтік әмиян" бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді - AMANAT

«Әлеуметтік әмиян» жобасын дамыту жайы «AMANAT» партиясының отырысында талқыланды. Партия   4 миллион азаматты кең ауқымды оқыту бағдарламасын бастамақ. Цифрлық сервис мектептегі ыстық тамақтан бастап, тегін дәрі-дәрмекке дейінгі мемлекеттік қолдауды ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе арқылы 1,6 млн бала мектепте тамақтанып, 2 млн-нан астам азамат электронды рецепт бойынша дәрі алған. Аймақтардағы тәжірибе де оң нәтиже көрсетіп отыр. Шымкент екі айда 460 млн теңге, Атырау облысы қосымша білім беру мен тамақтану бойынша шамамен 700 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеген.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір денсаулық сақтау министрлігі жалпы аптекалардың азаматтарға қол жетімді болуы үшін, осы әлеуметтік әмияндағы рецептімен есігінің алдындағы коммерческий аптекалардан да алу мүмкіндігін қарастыратын пилотты жүргізіп жатыр. Олай болатын болса, кейінгі жылдары адал азаматтар сол әлеуметтік әмияндағы рецептермен өзінің үйінің жанындағы болмаса, мектебінің жанындағы, болмаса жұмысының жанындағы аптекалардан да сол дәрі-дәрмектерді алуға мүмкіндігі болады.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Цифрлық шешімдердің әрбір адамға дұрыс жетуі өте маңызды. Ол адам қайда тұрса да, әлеуметтік мәртебесі қандай болса да, бәрібір. Біздің партия цифрлық ортада әр азаматтың жанынан табылып, қолдау көрсетіп, адамдарды қорғай білуіміз, оларды осы инновацияларға дайындауымыз керек. Бүгін айтылған бастамалар шын мәнінде ерекше, бірегей нәрселер. Біз осындай жобаларды елге келген көптеген шетелдік қонақтарға әрдайым мақтанышпен көрсетеміз.