$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлытау облысына келген туристер саны 4 есе артты

Ұлытау облысына келген туристер саны 4 есе артты

Ұлытау облысына келген туристер саны 4 есе артқан. Бұл туралы облыс әкімі Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Алаша хан мен Жошы хан шатыр тіккен киелі өлкенің тарихымен танысқысы келетіндер  көп. Сондықтан, тарихи-мәдени нысандардың қолжетімділігі мен инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.

ДАСТАН РЫСПЕКОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыста туристердің саны артып жатыр. Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне өткен жылы 2 мың адам келсе, биыл 8 мың адам келді. Сондықтан бізде туризмге үлкен сенім бар.

Өңірге жұмыс істеу үшін  көшіп келемін деген жандарды  қуана қабылдауға дайынбыз деді әкім. Оның айтуынша,  сапалы әрі қолжетімді тұрғын үйлер салынуда. Құрылыс қарқыны былтырғыға қарағанда 2 есе артқан.  

ДАСТАН РЫСПЕКОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бізде әр отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшеріне, яғни, 275 мың біржолғы төлем беріледі. Бір жыл көлемінде тұрғын үйді жалға алу үшін және коммуналдық төлемге 117 мың теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Сонымен қатар, жеке үй құнының 50 проценті, бірақ 4,5 млннан аспайтын көлемде өтеуге мүмкіндігіміз бар.