$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мүгедек балалар медициналық қызметпен толық қамтылған

03.12.2025ж. 19:00
Мүгедек балалар медициналық қызметпен толық қамтылған

Батыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балалар медициналық-әлеуметтік қызметпен толық қамтылған. Оларды оңалту жұмыстары нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдай жасалды, дейді мамандар. Бұл санаттағы балалар дәрігер қабылдауына кезексіз кіреді, қажет дәрілері де жеңілдікпен беріледі. Сонымен қатар реабилитациялық шаралар мен емханадағы бүкіл қызмет тегін көрсетіліп, операция тегін жасалады. Бүгінде өңірдегі 25 мыңнан астам мүгедектің 3 жарым мыңы бала. Олардың бәрі де қажет көмекші құралдармен қамтылған. Капустин-Яр және Азғыр әскери полигондарының маңындағы ауылдардың балалары да елеусіз қалмаған. Өңірде инватакси қызметін 1 мыңнан астам адам пайдаланады.

МИРГҮЛ ҚҰРМАНБАЕВА, БҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Медициналық және әлеуметтік бағытта мүгедектігі бар балаларға техникалық көмекші орнын толтырушы құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде. Оның ішінде протездік ортопедиялық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен, сурдо-тифло техникалық құралдармен және кресло-арбалармен қамтамасыз етіліп отыр.