$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Кітап - AMANAT" жобасы аясында Шоқан Уәлихановтың мұрасы талқыланды

"Кітап - AMANAT" жобасы аясында Шоқан Уәлихановтың мұрасы талқыланды

Өскеменде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған мәдени-танымдық кездесу өтті. Студенттер мен өзге жастардың басын қосқан шара «Amanat» партиясының «Кітап AMANAT» жобасы аясында ұйымдастырылған.  Жиналғандар қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өлшеусіз із қалдырған қайраткер туралы кең мәлімет беріліп, рухани мұрасы талқыланды. Оған қоса, тарих, география және фольклор жайлы зерттеулері Батыс пен Шығысты жалғап, ғылыми жаңалықтардың бастауына айналды, - дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан, ұлттық құндылықтарымыз бен бай мұрамызды жастар арасында насихаттау үшін партияның атқарар жұмысы тоқтап қалмайтынын атап өтті.

АМАНБАЙ НҰРКЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

«Кітап аманаты» - бұл «Amanat» партиясының жобасы. Аты айтып тұрғандай жастарды кітап оқуға, халқымыздың тарихымен танысуға, қазақ жазушылары және әлем жазушыларының әдеби мұраларымен танысып, жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба.