$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жұмысшы мамандықтардың жарысы жастарға қандай мүмкіндік береді?

AstanaTV
03.12.2025ж. 19:00
Жұмысшы мамандықтардың жарысы жастарға қандай мүмкіндік береді?

Астанада техникалық білімді дамытуға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған WorldSkills Kazakhstan – 2025 чемпионаты басталды. Жеңімпаздар қандай жүлде алады және бұл шара болашақ еңбек адамдары үшін қаншалықты маңызды – келесі бейнесюжетте.

Еліміздің барлық облыстарынан іріктелген 825 мықты студент үш күн бойы бақ сынайды. Оныншы рет өткізіліп отырған бұл республикалық жарыста елорда колледждерінің студенттері де бар.

РИММА ИМАНҒАЗИНОВА, КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Астана қаласы бойынша 39 құзырет бойынша біз қатысып отырмыз, оның ішінде 47 студентіміз қатысады. Былтырғы жылы Астана қаласы  республика бойынша 1 орын алды, енді биылда үміттеніп отырмыз сол бірінші орынды аламыз деп.

Жүлделі орын алғысы келетін студенттердің бірі- Ақниет. Биыл бірінші рет қатысып тұр. Жарыстың беріп жатқан мүмкіндіктеріне дән риза.

АҚНИЕТ ЫСҚАҚ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Жалпы менің құзыреттілігім бастауыш білім беру мұғалімі, осы құзыреттілік бойынша WorldSkills бізге көп мүмкіндік берді өзімізді кәсіби шыңдауға, әрі қарай дамуға.Бұл жарыс барысында жетекшімізбен бірге дайындалып барлық тапсырмаларды тыңғылықты орындап, жарысқа жақсы деңгейде дайындалып келдік деп ойлаймын.

Үздік нәтиже көрсеткен студенттерге әлеуметтік қолдаушылар жұмыс  ұсынады. Сондай-ақ, жеңімпаздар Шанхайдағы әлемдік додаға қатысады. Егер одан да жеңіп шықса,  жоғары оқу орындарына тегін грантқа ие болады.