$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясының маңызы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясының маңызы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны 20 жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келеді және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күресуге бағытталған жаһандық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Отбасылық табыс орталығы» ҚҚ жетекшісі Роза Бекишева айтып берді.

Спикер акцияны өткізудің мәні мен маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл акция 1991 жылы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы конвенциясы аясында басталды және зорлық-зомбылықпен күресте мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды және азаматтарды біріктіруге бағытталған.

«Кампания күндерінің таңдалуы кездейсоқ емес: ол 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні мен 10 желтоқсан – Адам құқықтары күнін біріктіреді. Негізгі идея – оның қандай түрі болса да, зорлық-зомбылыққа қарсы барлық адамды біріктіретін жаһандық қозғалыс қалыптастыру», – деді ол.

Сондай-ақ спикер кампанияның халықаралық символы қызғылт сары түс екенін атап өтті.

«Бұл түсті БҰҰ зорлық-зомбылық пен кемсітусіз жарқын болашақтың және үміттің символы ретінде таңдады. Ол жылылықты, жарықты, энергияны және қауіпсіздікті білдіреді», — деді Роза Бекишева.