$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі шетелдік ұсталды

Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі шетелдік ұсталды

Қонақ үйде тұрып, есірткімен айналысқан

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар нәтижесінде есірткі заттарын жасырын орындарға қоюмен айналысқан екі шетел азаматы ұсталды. Тексеру барысында олардың бірінен алдын ала өткізуге дайындалған 8 орама есірткі және скотчпен қапталған полиэтилен пакетіне салынған ұнтақ түріндегі есірткі заты тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 200 грамды құрайды. Белгілі болғандай, ол қаладағы қонақ үйлердің бірінде тұрып, қала аумағында байланыссыз жолмен есірткі таратумен айналысқан және жасырын орындардың мекенжайымен мессенджерде бөлісіп отырған. Екінші күдіктіден өткізуге дайындалған 25 орама есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған ер адамдар қамауға алынды.