$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қар жауып, бұрқасын соғады: елімізде күн суытады

04.12.2025ж. 12:12
Қар жауып, бұрқасын соғады: елімізде күн суытады
фото: pixabay

Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктер болжамынша, ел аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. 

Батыста ғана жауын-шашын болмайды. 

Кейбір өңірлерде қазір қар жауып жатыр, бірақ ол тез еріп кетеді. Қардың қатты жаууы 6 желтоқсаннан басталады деп болжануда. 

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында және Алматы облысының таулы өңірлерінде 8–9 желтоқсанда қалың қар жаууы мүмкін.