Алматыда жер сілкінісіне байланысты қала әкімдігі үндеу жасады
Сейсмологтар таратқан ақпаратқа сәйкес, дүмпу күші 2–3 балл аралығында болды.
Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.
«Барлық ескерту жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындарға Mass Alert арқылы хабарламалар келді, қала сиреналары, сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда дауыстық ескертулер болды, эвакуация жүргізілді. Алгоритм бойынша адамдар ғимараттарды тастап, көшеге шықты», – деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы (Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Ұйғыр, Жамбыл, Іле аудандары)
Саты, Жалағаш, Кеген, Нарынқол, Есік, Талғар, Көкпек, Түрген, Қырғызсай, Қаскелең, Маловодное, Ж.Қайыпова, Шелек, Өтеген-Батыр, Қарғалы, Боралдай, Чунджа, Ұзынағаш, Алатау (Жетіген), Қонаев, Күрті елді мекендерінде – 2–3 балл.
Жетісу облысы (Кербұлақ, Панфилов, Текелі, Көксу, Ескелді, Талдықорған, Қаратал, Ақсу, Сарқанд аудандары)
Сарыөзек, Жаркент, Текелі, Балпық-Би, Қарабұлақ, Талдықорған, Үштөбе, Жансүгіров, Сарқанд – 2 балл.
Жамбыл облысы (Қордай, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары)
Қордай, Шу, Мерке, Төле би, Құлан – 2 балл