Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астана әкімдігі дәрігерлер айлығына қосымша коэффициент қосуды ұсынды

AstanaTV
13.12.2017ж. 20:00
2431
Астана әкімдігі дәрігерлер айлығына қосымша коэффициент қосуды ұсынды

Астана қаласының әкімдігі дәрігерлердің жалақысына қосымша коэффициент қосуды ұсынды. Бұл туралы денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша өткен қоғамдық тыңдалымда айтылды. Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың мәлімдеуінше, бұл біраздан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Сондай-ақ Елордада жедел жәрдем көрсететін 4 бірдей амбулаториялық-клиникалық кешен салу жоспары бар. Қазіргі теміржолшылар ауруханасының орнына заманауи көп салалы емдеу мекемесі салынбақ. Алдымен бас шахардағы тұрғындардың денсаулығына жауапты ақ халатыларының жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Камалжан Надыров, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Біз мәскеулік әріптестердің тәжірибесін жинақтап жатырмыз. Онда еңбекақыны көтеру мақсатында «астаналық коэфицент» деген ұғым бар. Салыстыру үшін айтайын жалпы тәжірибелі дәрігердің жалақысы Мәскеуде бізбен салыстырғанда 6 есе көп. Шамамен 450-500 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар келесі жылдан бастап дәрі-дәрмекке мұқтаж жандар жергілікті емханалар арқылы бюджет есебінен алынған препараттарды тегін ала алатын болады. Қазір бұл дәрілерді түгел дерлік келісімге сай «СК-Фармация»  компаниясы сатып алады. Бүгінде бар дәрі-дәрмек қоры ақпан айына дейін жетеді дейді мамандар. Сондықтан бұл салада да қиындықтар туындамайды деп сендіріп отыр.