$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елде шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленіп жатыр

04.12.2025ж. 19:00
Елде шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленіп жатыр

Шекаралық аймақтарда 65 аудан бар. Онда 3,5 млн адам тұрады.  Бұл аудандардың 40-ында халық саны азайып кеткен.  Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында анық байқалады.

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Төлеңгіт - шекара шебіндегі елдімекен.Тұсында дүркіреп тұрған ауылда алпыстан астам отбасы болған. Қазір оны ғана қалған.

Ауылдық округтен кейінгі екі жылда 20 отбасы көшіп кеткен. Тұрғындардың ауданға, қалаға үдере көшуіне түрткі болар түйткіл көп. Мектеп, медицина пункті жабылған. 25 адам тұратын елдімекеннің алдағы уақытта картадан жойылу қаупі бар.

БАҒДАТ ҚҰСНЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қарашаңырақты тастап, әке-шешем үйін қалай көшіп кетем.Осы үйде он бала өсіп өндік. Келіншегіміз екеуіміз ғана отырмыз.балалар кетті. Енді білмеймін. Үкіметтен бір арнайы бағдарлама болмаса ел бұдан да құриды. Арнай бағдарлама қабылданса, елге халық шоғырланса сонда нұр үстіне нұр болар еді.

РАУШАН ЕСЕКЕЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жастардың тұрақтамауына байланысты осы халық бір жылдың ішінде бірнеше үй қалаға көшіп кетті. Жолдасымыз екеуіміз туған жерден кеткіміз келмейді. Ата-бабамыздың аруақтары осы жерде жатыр. Әркім өз елінде тұрғысы келеді ғой. 

Шекарадағы ауылдардың шетінен қаңырап қалуы алаңдатарлық жағдай.Жергілікті билік қолдан келгенше халыққа жағдай жасап жатқанын айтады.

ҚОЛҒАНАТ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚАРАҚОҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Мектептің шатыры, әйнегі ауыстырылды. Ауылдың 3 көшесіне жол төселді.1330 метрге асфальт төселді. Облыстық бюджеттен ағаш қоршау орнатылды. Көбі мал шаруашылығымен айналысады.Басқа жұмыс жоқ. 

Президент тапсырмасымен Абай және Шығыс Қа­зақ­стан облыстарында шека­ра маңындағы бірнеше аудан ­қал­пына келтірілді.  Жаңа аудандарда тіршілік жан­­данды, инфрақұрылым жақ­сара бастады.  Халық саны 10 мыңнан аспайтын кішігірім ауылдарда 2 әуежай салынып жатыр. Келесі жылы пайдалануға беріледі.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауылдардың саны көп болған сайын күтіп ұстауды қажет ететін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның да саны арта береді. Ұсыныс. «Ауыл ел бесігі!» жобасы бойынша бөлінетін қаражатты елдімекендерінің санын ескере отырып, соның ішінде шекара маңында орналасқан ауылдарға басымдық бере отырып бөлу қажет.

«AMANAT» партиясы  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заң жобасын дайындап жатыр. Ол шекаралық қауіпсіздік, халықтың тұрақтауын ынталандыру, ішкі көші-қонды реттеу және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану үшін шекаралық аудандарға арнайы мәртебе беруді көздейді.Бұл заңды қабылдау өте маңызды дейді, халық қалаулылары.