Жаңа нысан УЕФА стандарттарына сай келеді
Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласында 25 мың көрерменге арналған стадионның құрылысы басталды.
Жер телімінің жалпы аумағы – 20 гектар.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйыммен үш жақты келісімшарт жасалған. Жоба құрылысы 2 жылға созылады.