$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енді

05.12.2025ж. 11:10
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енді
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық бокс алыбы Геннадий Головкин International Boxing Hall of Fame тізіміне енгізілді. Бұл – еліміз тарихында алғаш рет отандық спортшыға берілген аса жоғары мәртебе.

Головкин – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, орта салмақта WBA, IBF, IBO, WBC және The Ring тұжырымдары бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.

Кәсіби мансабында боксшы 45 жекпе-жек өткізіп, олардың 42-сінде жеңіске жеткен. Сол жеңістердің 37-сі нокаутпен аяқталған. GGG кәсіби рингте тек екі рет жеңіліп, бір кездесу тең нәтижемен тәмамдалған.