Қызылжарда интернет желілерін тартып жатқан екі жұмысшы биіктіктен құлады. Оқиға бүгін таңертен облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінде болған. Сымдарды тарту үшін манипулятор көлігі екі адамды шамамен 7 метр биіктікке көтерген. Артынша кенеттен тіреуіш қирап, жұмысшылар құлап кеткен. Салдарынан 35 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды. Ал екінші ер адам жеңіл жарақат алған. Ол қазақтелеком компаниясының қызметкері болып шықты. 31 жастағы азамат дәрігерлердің көмегін алып, қазір үйінде емделіп жатыр. Құқық қорғау органдары тексеріс жұмыстарын қолға алғандарын хабарлады.
Марат ЖҰМАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазір іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл құқық қорғау органдарымен жан-жақты тексеріледі. Біз еңбек қауіпсіздігіне баса мән береміз.