$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды

05.12.2025ж. 19:00
«AMANAT» партиясының «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы мәресіне жетті. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жиында 120 шығарма сараланған. Алтыншы рет өткізіліп отқан сайыстың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Осы жылы алғаш рет өңірлік деңгейде өткізілді. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов осы уақыт аралығында 100-ге жуық жас ақын-жазушы конкурс лауреаты атанып, танымал қаламгерлерге айналғанын атап өтті.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев руханиятқа ерекше көңіл бөлетінін жақсы  білесіздер. Президентіміз халқымыздың озық ойлы, интеллектуалды ұлт болғанын қалайды. Бұл туралы Ұлттық құрылтайларда, басқа да жиындарда үнемі айтып та жүр. Ал біздің міндетіміз – осы жастарға қолдау көрсету, жолын ашу. Бүгінгі «Ұлы дала» байқауы – соның жарқын көрінісі, «AMANAT» партиясының қазақ руханиятына қосып жатқан бір үлесі деп қабылдаңыздар.