$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы қаласы Алатау ауданында өрттен зардап шеккен отбасыға кешенді көмек көрсетілді

05.12.2025ж. 19:00
Алматы қаласы Алатау ауданында өрттен зардап шеккен отбасыға кешенді көмек көрсетілді

Алматы қаласы Алатау ауданында «AMANAT» партиясының ықпалымен 2020 жылы үйі өртеніп, қиын жағдайда қалған Тұрсынбүбі Бөжеева мен оның ІІ-топ мүгедектігі бар ұлына кешенді көмек көрсетілді. Әкімдікпен бірлесіп үйдің қабырғалары мен шатыры қалпына келтіріліп, жылу жүйесі орнатылып, газ құбыры тегін жүргізілді. Аулаға дейін арнайы техникамен тазартылып, отбасы азық-түлік және тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз етілді. Ұлына да қажетті медициналық көмек алу мүмкіндігі туды. Қазір үй толық жөнделіп, отбасы қалыпты өмірге қайта бейімделуде.

ЖАРҚЫН АЛДАНБЕРГЕНҚЫЗЫ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шипажайларға жолдама. Емханаларға жатқызу. Дәрі дәрмектерден бөлек ең бір үлкен деген көмектердің бірі осы үйіне жылу жүргізу кезіндегі қажетті материалдар және сол газ құбырын жүргізіп, құжаттарын сенімхат арқылы дайындап қолына пайдалануға дейінге жеткізіп дайындап беру жұмыстары болды.