$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда «AMANAT» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің көшпелі отырыс өтті

Қызылжарда «AMANAT» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің көшпелі отырыс өтті

Қызылжарда «AMANAT» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Алқалы жиында  мемлекеттік сектордағы ашықтықты күшейту, қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасының тиімділігін бағалау мәселелері талқыланды. Бүгінде  облыста ауқымды профилактикалық және аналитикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңірлік комиссиялар 105 мәселені қарастырып, 350 тапсырма берді. Оның 94 пайызы орындалған. Ішкі бюджеттік аудит жүргізіліп, нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылық анықталған. Олқылыққа жол берген 141 қызметкер жауапкершілікке тартылды. Барлығы 369 коррупциялық тәуекел анықталып, әрқайсысы бойынша нақты шаралар қабылданды. Көшпелі кеңес төрағасы Ерлан Саиров соңғы жылдары жемқорлық деңгейінің айтарлықтай бәсеңдегенін айтады. 

ЕРЛАН САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізінде бүкіл облыстарда тұрмыстық коррупция төмендеп келе жатыр. Дегенменде коррупцияны толық жою үшін, коррупцияның алдын алу механизмдерін жасаудың алғышарттарын жасауымыз керек.