$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Тәлімгерлер кеңесі" биыл атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

AstanaTV
05.12.2025ж. 19:00
"Тәлімгерлер кеңесі" биыл атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Астанада мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған «Тәлімгерлер кеңесі»  кезекті отырысын өткізді. Жиында түрлі салалар бойынша жауаптылар бір жылда атқарылған жұмыстарды баяндады.   Келер жылдың жоспары таныстырылды. 

Кеңес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларын нығайтуға және басқару мәдениетін жетілдіруге бағытталған. Жобаның мақсаты - жаңадан тағайындалған басшылардың кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсету.

ЕРБОЛ ЖОЛДАНҒАР, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органыны сонау 2023 жылда құрылып, осы уақытұа дейін жұмыс жасап келе жатыр.  Оның құрамы мемлекеттік қызмет ардагерлерден құрылып отыр. Бұл кеңестің басты мақсаты мемлекетті басқарудың сабақтастығын қамтамасыз. 

Жиында биыл алғаш рет басшылық қызметке келген Энергетика, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Қоғамдық денсаулық сақтау, сондай-ақ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармаларының басшылары өз салалары бойынша есеп берді.

ЕРЛАН ЖҮСІПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

Бүгінде қызмет алушының саны 224 мыңнан асып отыр. 11 айдың ішінде 390 мыңнан аса мемлекеттік көмек көрсеттік. Біздің басты мақсатымыз- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған кеңестің 9 мүшесі бар. Олардың бәрі кезінде мемлекеттік қызметте еңбек еткен.

ҚАЙЫРЖАН ТОҚЫШОВ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БАСШЫСЫ:

Жобаның негізгі мақсаты — басшылық лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және бейімделуіне ықпал ету. Сонымен қатар, Кеңес тәжірибе алмасу арқылы басқарушылық дағдыларды жетілдіруге жағдай жасайды.

Кеңес мүшелері жаңа басшылардың алдағы жоспарларын талқылап, қызметтегі құндылықтарды, жауапкершілік деңгейін және этикалық ұстанымдарды күшейту бойынша ұсыныстар береді.