$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұстаздар мен оқушылар мемлекеттік сыйақы алады

Ұстаздар мен оқушылар мемлекеттік сыйақы алады

Халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары пен олардың ұстаздарына мемлекеттік сыйақы тағайындалады

 Қазақстанда дарынды оқушыларды және олардың жетекшілерін қолдау мен ынталандыру механизмдері заңнамалық деңгейде бекітілді.  Биылдан бастап халықаралық ғылыми жоба байқауларында үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен оларды дайындаған педагогтерге мемлекеттік бір реттік ақшалай сыйақы тағайындалады.