$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Илон Маск Еуроодақты тарату қажеттігін мәлімдеді

07.12.2025ж. 08:24
Илон Маск Еуроодақты тарату қажеттігін мәлімдеді
Фото: freepik

X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Еуропалық одақты таратып жіберуге шақырды.

Илон Маск Еуроодақты таратып, дербес мемлекеттердің егемендігін қайтару қажеттігін айтты. Бұл мәлімдеме Еурокомиссия оның X әлеуметтік желісіне 120 миллион еуро көлемінде айыппұл салғаннан кейін жасалды.

— ЕО-ны жою керек, ал жеке мемлекеттерге егемендігін қайтару қажет, сонда үкіметтер өз азаматтарының мүдделерін жақсырақ қорғай алады, — деп жазды ол Х желісінде.

Бұл мәлімдеме Еурокомиссияның ресми өкілі Тома Ренье Брюссельдегі брифингте X платформасына 120 миллион еуро айыппұл салынатынын хабарлағаннан кейін жарияланды.

Шілде айында Еурокомиссия әлеуметтік желі өкілдерін цифрлық қызметтер туралы заңды (DSA) бұзғаны жөнінде хабардар еткен. Бұзушылықтар жарнама ашықтығына және зерттеушілердің ашық деректерге қол жеткізуіне қатысты болды. Егер компания бұл мәселелерді шешпесе, жылдық айналымының алты пайызына дейінгі айыппұл салынатыны ескертілген еді.