$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оңтүстік Африкада атыс болып, 11 адам қаза тапты

07.12.2025ж. 16:41
Оңтүстік Африкада атыс болып, 11 адам қаза тапты
Фото: pixabay

Құрбандардың ішінде балалар бар

Оңтүстік Африка Республикасы, Претория қаласының Солсвилл аймағында орналасқан хостелде жаппай атыс болып, 11 адам қаза тапты.

Құрбандардың ішінде 3 жастағы бала, 12 жастағы ұл және 16 жастағы қыз бар. Сондай-ақ 14 адам жараланған.

Полицияның ресми мәліметінше, қаруланған үш адам хостелге кіріп, адамдарға оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.