$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қатты аяз болады: Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

07.12.2025ж. 13:11
Қатты аяз болады: Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады
Фото: pixabay

Келер аптада -21 градус аяз болады

 Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт бұзылады. Қар жауып, аяз күшейеді. 

7 желтоқсанда  күн бұлтты, жауын-шашын жоқ. Шығыстан жел соғады 3-8 м/с.

Күндіз: +4…+6°С, түнде: –1…–3°С.

8 желтоқсан күн ала бұлтты, кей жерде қырбақ қар немесе ұсақ мұз түйіршіктері түріндегі аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін.Оңтүстік-батыстан жел соғады 5-10 м/с.

Түнде: –2…–4°С, күндіз: +2…+4°С.

9 желтоқсан күн бұлтты. Айтарлықтай жауын-шашын жоқ (кей жерде аздаған қар жауады) Оңтүстік-батыстан жел соғады 5-10 м/с.

Түнде: –8…–10°С, күндіз: 0…+2°С.

10 желтоқсан күн бұлтты, аздап қар жауады. Аяз едәуір күшейеді. Солтүстіктен жел соғады 3-8 м/с.

Түнде және күндіз: –7…–9°С. Түн ортасында күн одан сайын суытып, –18…–21°С-қа дейін төмендейді.

11 желтоқсаннан бастап күн ашық, үскірік аяз болады. Ауа температурасы түнде –10…–12°С, күндіз –4…–6°С