$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ӘЧ-2026: бүгін үш қазақстандық боксшы рингке шығады

07.12.2025ж. 14:06
ӘЧ-2026: бүгін үш қазақстандық боксшы рингке шығады
Фото: спортты дамыту дирекциясы

Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы бүгін шаршы алаңға шығады

Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) жекпе жек өткізеді. 

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Оразбек Асылқұлов Кабо-Верде спортшысы Элизандру Саншеш да Силвамен кездеседі.

Кешкі бағдарламада, яғни  22:00-де Ертуған Зейнуллинов Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлге қарсы рингке шықса, түнгі 00:45 шамасында Абылайхан Жүсіпов армян спортшысы Арарат Арутюнянмен жұдырықтасады.