$541.34 €640.73 ₽6.53
×

4 адам құтқарылды

07.12.2025ж. 18:40
4 адам құтқарылды

 112 пультіне Атырау облысы Құлсарыдан қаласынан 250 км қашықтықта орналасқан кен орны маңында автокөлік батпаққа батып қалғаны туралы хабарлама түсті. Көлікте 4 адам болған, олардың екеуі байланыс сигналын ұстау үшін жаяу шығуға мәжбүр болған.

 Хабарлама бойынша құтқарушылар жедел шығып, заианауи жол талғамайтын техникасымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Құтқарушылар батпаққа батқан көлікті тауып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Сонымен бірге жаяу кеткен екі адам да аман-есен эвакуацияланды.

Көлік құралы да қауіпсіз жерге шығарылды.