Астанада тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша тіркелген жағдайлардың өсуіне байланысты білім беру ұйымдарында таңғы фильтр жүргізу міндеттелді.
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева қаулы бекітті.
Қаулыға сәйкес мектептер мен балабақшалар келесі міндеттерді орындауы тиіс:
1. Таңғы фильтр
Сабақ басталар алдында және әр ауысым алдында барлық оқушы, балабақша тәрбиеленушісі және педагог ЖРВИ белгілеріне тексеруден өтеді.
2. Оқудан немесе жұмыстан шеттету
Егер тексеру кезінде ЖРВИ белгілері анықталса, бала (немесе қызметкер) оқу орнына кіргізілмейді және үйіне жіберіледі.
3. Қашықтан оқытуға көшу
Сыныптағы оқушылардың 30% немесе одан көп бөлігінде ЖРВИ расталса, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сынып қашықтан оқуға ауыстырылады.
4. Сыныпты уақытша оқшаулау
Егер бір сыныпта ауырғандар саны 20–30% аралығында болса:
Қаулыда қосымша санитарлық талаптар да қарастырылған: