$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақмола облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

07.12.2025ж. 19:44
Ақмола облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана–Ерейментау-Шідерті автожолында тіркелді.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, полиция инспекторын қағып кеткен. Оқиға кезінде инспектор өзге жүргізушілерге жылдамдықты төмендету және жолдың тарылғаны туралы ескерту жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Салдарынан полиция аға лейтенанты Асанәлі Аскербеков мерт болды.

Ақмола облыстық ПД аталған факт бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.