Бүгін Ақмола облысы Бурабай ауданы Ақылбай ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, апат салдарынан екі жасөспірім және майысқан көлік құралында қысылып қалған жүргізуші әйел зардап шекті.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық э құралдың көмегімен қатты зақымданған жүргізуші есігін ашып, зардап шеккен әйелді шығарып алды. Үшеуі де жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды.