$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті келеді

08.12.2025ж. 09:32
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті келеді
Фото: Ақорда

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабаралайды Astana TV.

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.