$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа жылдан бастап «Сән-салтанат салығы» салына бастайды

08.12.2025ж. 12:30
Жаңа жылдан бастап «Сән-салтанат салығы» салына бастайды
Фото: pixabay

Сізде құны 18 мың АЕК немесе 75 млн теңгелік көлігіңіз болса, бір реттік 10 пайыз акциз төлеуге міндетті боласыз, деп хабаралайды Astana TV.

Дәл осындай жүктеме құны 24 АЕК-тен асатын ұшақ немесе яхталарға, сондай-ақ 500 мың теңгелік алкоголь өнімдері мен 10 мың теңгеден жоғары тұратын сигараларға салынады.

- Азаматтардың меншігінде жалпы құны 450 млн теңгеден асатын бірнеше объектілері болса, онда әрбір объектіге жеке-жеке салық салынбайды. Барлық мүлік оъектілерінің жиынтық құнына жоғарылатылған мөлшерлемеде қолданылады. Бұл мүлік салығы, жылжымайтын мүлікке қатысты. Салық салу мақсатында мүліктің құнын айқындау кезінде сән-салтанат коэффициенті енгізілді. Енді жергілікті мәслихат жылжымайтын мүлік бойынша есепті құнын 50 пайзыға дейін көтеруге мүмкіндіктері бар, – дейді ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің Халықаралық салық салу және өзара іс-қимыл басқарма басшысы Жазира Мыңбаева.